USD
USD
USD

Наталья Годунова Президентке Токиода Олимпиадасына бөлінген қаражатты пайдалану туралы баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Наталья Годунова Президентке Токиода Олимпиадасына бөлінген қаражатты пайдалану туралы баяндады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа пандемиямен күреске бөлінген 521 миллиард теңге көлеміндегі қаражаттың жұмсалуына жүргізілген тексерудің алдын ала нәтижелері ұсынылды.

Атап айтқанда, аталған аудит аясында модульді ауруханалардың құрылысына, жұқпалы аурулар стационарларын материалдық-техникалық тұрғыдан жабдықтауға бөлінген қаржы, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын сатып алу шығындары тексерілді.

Сонымен қатар Наталья Годунова Президентке Токиода өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарының дайындығына бөлінген қаражатты пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы баяндады.

Спорт комитетінде жүргізілген тексеріс барысында дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы іс-шараларға, оның ішінде 2020 жылғы Олимпиадаға дайындыққа және оған қатысу үшін жұмсалған 125 миллиард теңге көлеміндегі қаржыға аудит жүргізілген.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы тиісті тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев