USD
USD
USD

NASA ғарышкерлері жерге оралды

Халықаралық ғарыш станциясынан төрт ғарышкермен ұшып шыққан Crew Dragon Мексика шығанағында суға қонды.

NASA ғарышкерлері жерге оралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы NASA өкілдері Twitter -дегі ресми аккаунтында хабарлады.

Мәлімдемеге сәйкес, ғарышкерлер Виктор Гловер, Майкл Хопкинс, Шэннон Уолкер және Соити Ногути халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) жарты жылдық ғылыми миссиядан кейін Жерге оралды.

Crew Dragon ғарыш кемесі Мексика шығанағында, Флорида штатының Панама-сити қаласы маңында суға қонды.

Ғарышкерлер Crew Dragon кемесімен ХҒС-қа 2020 жылдың қараша айында алғашқы жұмыс рейсімен аттанған болатын. Кеме 15 қарашада сағат 19:27-де АҚШ-тың шығыс жағалауындағы Флорида штатының Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылған еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер