Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Наркоз адам өмірін бес жылға қысқарта ма? Маман не дейді?

Наркоз адам өмірін қысқартады деген пікір туралы маман не дейді?

Наркоз адам өмірін бес жылға қысқарта ма? Маман не дейді?
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. Ресейлік анестезиолог Александр Калмыков науқастардың операция алдындағы қорқынышы туралы айтып берді. Дәрігердің айтуынша, әдетте операция алдында науқастарда наркозға қатысты сұрақтар туындайды. Маман солардың арасында «наркоз өмірді бес жылға қысқартады» деген болжам кеңінен танымал екенін тілге тиек етті, деп хабарлайды «Говорит Москва». «Жалпы анестезияға арналған препараттардың өзге салаларда қолданылатындардан айырмашылығы жоқ. Олар адам өмірін қысқарта алмайды. Бұл дәлелденген факт емес, жай ғана аңыз», – деді ол.

Одан қалды науқастарды «наркоз кезінде оянып кету мүмкін бе?» деген сауал да жиі қызықтырады екен. «Жалпы анестезия кезінде оянып кету мүмкін емес. Анестезия ұшақпен ұшу секілді, белгілі бір биіктікке жеткен соң, автопилот қосылады. Құрылғылар анестезияның тереңдігін бақылап тұрады. Сондықтан дәрігердің қалауынсыз науқас оянып кете алмайды. Бірақ науқастардың операцияның соңында, таңғыш қойып жатқанда оянып кеткен кездері болған», – дегенді алға тартады Калмыков.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.