USD
USD
USD

Нәзира Дәрімбет «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті атанды

«Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының жаңа президенті болып журналист әрі медиа сарапшы Нәзира Дәрімбет сайланды.

Назира Дәрімбет
Фото: Жеке архивтен

Астана, NEGE. Мұндай шешім 17 шілдеде өткен қор құрылтайшыларының жалпы жиналысы мен Қамқоршылық кеңесінің отырысында қабылданған.

Нәзира Дәрімбет тәуелсіз журналистика саласында, сондай-ақ медианы дамыту және сөз бостандығын қорғау бағытындағы халықаралық жобаларды жүзеге асыруда тәжірибесі мол.

«Оның кәсібилігі, халықаралық байланыстары және қазіргі медиа кеңістіктің сын-қатерлерін терең түсінуі қордың миссиясын табысты жалғастырып, сөз бостандығын қорғау, журналистерді қолдау және Қазақстандағы тәуелсіз медианы дамыту ісіндегі рөлін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді», – делінген қор хабарламасында.

Жаңа президенттің жетекшілігімен қор өз жұмысын мынадай стратегиялық бағыттарға жұмылдыруды жоспарлаған:

  • Қазақстан Республикасының сөз бостандығы, пікір білдіру, ақпарат алу және тарату саласында халықаралық міндеттемелердің орындалуына және халықаралық стандарттардың ілгерілетілуіне жәрдемдесу;
  • журналистер мен тәуелсіз редакциялардың құқықтық қорғауын күшейту;
  • цифрлық қауіпсіздік құралдарын дамыту және кибершабуылдарға жедел ден қою тетіктерін жетілдіру;
  • жоғары тәуекел жағдайында жұмыс істейтін өңірлік БАҚ пен журналистерді қолдау;
  • сөз бостандығын қорғайтын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту;

Сондай-ақ журналистерге жедел көмек көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық сервистерді дамыту да жоспарға енген.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы