USD
USD
USD

Naiza-мен бірге өңірлік туризм мен кәсіпкерлік дамып келеді

2020 жылдың соңында қазақстандық кәсіби MMA промоушені Naiza DAR клмпаниясының құрамына қосылды. Нәтижесінде, бір жарым жыл ішінде Қазақстанда ММА саласын дамыту үшін көп жұмыстар атқарылды.

Naiza-мен бірге өңірлік туризм мен кәсіпкерлік дамып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.«Аралас жекпе-жек соңғы жылдары әлемде ғана емес, елімізде де қарқынды дамып келе жатқан спорт түрлерінің біріне айналды. Қазақстанда ММА индустриясын дамыта отырып, біз ел экономикасының ілгерілеуіне зор үлес қосамыз – жастарды жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын ашу және спорттағы жаңа мамандықтарды қалыптастыру - катмендер, матчмейкерлер, төрешілер мен комментаторлар, спорт продюсері мен режиссерлері және т.б. Біз шетелден дайын мамандарды әкелмейміз, өзіміз өсіріп, жаттықтырамыз, жастардың жауынгер ретінде де, спортты басқарудың маманы ретінде де жаттығып, кәсіби өсуіне мүмкіндік береміз», - дейді DAR компаниясының спорт жөніндегі басқарушы директоры Нұрбек Қарабала.

Спикердің айтуынша, Қазақстанда ММА индустриясын дамытуға мүмкіндік беретін барлық жағдайлар жасалған. Және спорттық жетістіктер мен көрсеткіштерді ұлғайту мақсатында ғана емес, сонымен қатар туристік мүмкіндіктерді кеңейту, экономикалық, әлеуметтік және басқа да маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуде осы спорт түрін ұтымды пайдалануға болады.

Нұрбек Қарабала DAR компаниясы 2014 жылдан бері балалар мен жасөспірімдер арасында қоян-қолтық ұрысты жүйелі түрде қолдап келе жатқанын еске салды. Осы уақыт ішінде бірнеше жаңа спорт үйірмелері ашылды, барлығы 400-ден астам бала DAR TEAM командасында жаттықты. Сондай-ақ, біз балалар үйінің тәрбиеленушілерін спорт әлемімен таныстырамыз: қоян-қолтық ұрыс, грэпплинг, жекпе-жек және т.б., осындай әлеуметтік маңызы бар шараларды жүзеге асыру арқылы қоғамның белсенді және саналы мүшелерін тәрбиелейміз.

DAR екінші жыл қатарынан қоғамның әлеуметтік осал топтарындағы жас спортшыларды жан-жақты дамытуға және қолдауға жыл сайын гранттар бөліп келеді. Екі жылдан бері бұл гранттық бағдарламаға 40 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Балаларды 3 мезгіл тамақтандыру, жатын орын, оқу процесі, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және жан-жақты дамыту қарастырылған.

«Бірақ біз үшін бұл жай ғана спорттық жаттығулар емес. Біз оларға спортты басқару, мобилография, шешендік өнер, жылдам оқу, қазақ және ағылшын тілдерінде курстар, копирайтинг, цифрлық сауаттылық сынды пәндерді үйретеміз. Біз олардың жан-жақты дамуына мүдделіміз, өйткені спортшылар халықаралық аренада Қазақстанды танытатын біздің болашақ ұлттық мақтанышымыз. DAR компаниясы әрбір қызметкерін, соның ішінде спортшылардың да жан-жақты дамуын көздейді, оның ішінде 5Q бағыттары - интеллектуалдық (IQ), эмоционалдық (EQ), физикалық (PQ), рухани (SQ), цифрлық (DQ) даму да басты назарда», - дейді Нұрбек Қарабала.

Айта кетейік, қазіргі таңда Naiza промоушені аясында 206 қызметкер жұмыс атқаруда. Қызметкердің орташа жалақысы 300 000 теңге көлемінде, ал бір турнирді ұйымдастыруға бөлінетін бюджет 60 миллион теңгеден басталады. DAR компаниясының мамандары әзірлеген мобилді қосымшада жоғары сапалы онлайн көрсетілім өтіп тұрады.

Ал ММА қауіпті және жарақаттандыратын спорт түрі деген пікірге келсек, бұл асыра сілтеу ғана, - дейді Нұрбек Қарабала. Кәсіпқой ММА спортшыларының жалпы жарақат деңгейі бокс, кикбоксинг, каратэ және таэквондо сияқты басқа соққысы бар жекпе-жек спорт түрлерімен пара пар. Жалпы, кәсіпқой бокстағыдай жиілік 100 жекпе-жекке 22,9-дан 28,6-ға дейін өзгереді.

«ММА индустриясының дамуы экономикаға мультипликативті әсері бар сенеміз. Өйткені, біздің еліміз бен батырларымыз туралы бүкіл әлем білуі керек!», - деп түйіндеді Нұрбек Қарабала.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес