Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Орманға түскен найзағайдан өрт шықты

Кеше Шығыс Қазақстан облысында найзағай салдарынан ормандарда өрт шықты.

Орманға түскен найзағайдан өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, найзағай салдарынан кеше Бородулиха ауданында 1,13 гектар аумақты қамтыған 8 өрт оқиғасы тіркелген.

«Қызыл жалын ең алдымен сағат 10.46 кезінде Успенск орман шаруашылығында тұтанды. Орманшылардың жан-жақты күш салуымен 0,01 гектар аумақтағы өрт сөндірілді. Ал қалған жерлерде тілсіз жау әр түрлі уақыттарда шыққан. Оның ішінде Жернов орман шаруашылығында – 4, Орталық орман шаруашылығында – 3, Успенск орман шаруашылығында 2 өрт тіркелді. Тілсіз жаумен орманшылар күресіп, оларға дер кезінде Бородулиха ауданындағы №47 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері көмекке келген. Өртті ауыздықтауға 68 адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, дәл осындай өрт оқиғасы Бесқарағай ауданының 5 аумағында: Ақкөл, Рамазан, Дөңгелек, Подгородный және Рамодановское орман шаруашылықтарында да орын алған. Жалынмен күреске жеке құрамнан 54 адам және 18 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш

Алматы облысында ит талаған баланың ісі: сотта жануардың иесі айыппен келіспейтінін мәлімдеді

Ит талаған