USD
USD
USD

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

21 мамырда Астана халықаралық қаржы орталығы соты ICC арбитражының «Газпромнан» «Нафтогаздың» пайдасына 1,4 млрд доллар өндіріп алу туралы шешімін орындау жөнінде шешім шығарды. Алайда сот шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды.

АХҚО соты
Фото: court.aifc.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде әділет министрі Ерлан Сәрембаев Zakon.kz желілік басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. Оның айтуынша, Қазақстан заңнамасы бұған мүмкіндік бермейді.

«Қазақстан Республикасы құқықтық байланысы жоқ сот шешімдерін орындау үшін транзиттік алаңға айналмайды. Яғни елдің құқықтық тетіктері Қазақстанның юрисдикциясына қатысы жоқ дауларды қарауды көздемейді, сондықтан қарастырылып отырған "Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының шешімі Қазақстан аумағында орындалмайды», – дейді министр.

Бұл істе, Ерлан Сәрембаевтың түсіндіруінше, «Газпром» «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушысы болып саналмайды, даулы мәміле «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында жасалмаған.

Сондай-ақ ол сот бұйрығы біржақты тәртіпте – жауапкердің қатысуынсыз шығарылғанын айта келе, бұл түпкілікті шешім емес екенін: ол тек хабарлау сипатындағы құжат екенін және заңды күшіне енбегенін атап өтті.

Айта кетейік, бұл дау Ресей газының Украина арқылы Еуропаға транзиті бойынша 2019 жылы жасалған келісімшарттан туған. Келісімге сәйкес, «Нафтогаз» «Газпромға» Украина арқылы газ транзитін 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етуге тиіс болған.

2022 жылдың мамырында «Сохрановка» бағыты арқылы транзитті іске асыру мүмкін болмағаннан кейін «Нафтогаз» қызмет көрсетуді «Суджа» бағыты арқылы жалғастырған. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, «Газпром» бұл қызметтер үшін толық көлемде төлем жасамай, келісімшарт талаптарын бұған.

2025 жылғы маусымда Швейцариядағы арбитраж «Газпромды» қарызды, пайыздарды және сот шығындарын төлеуге міндеттеді. Ал 2026 жылғы қаңтарда Швейцария соты бұл шешімді растағаннан кейін «Нафтогаз» «Газпромның» активтерін халықаралық деңгейде өндіріп алу процесін бастады. «Астана» халықаралық қаржы орталығының бірінші сатыдағы соты «Нафтогаз» пайдасына қаржыны мәжбүрлеп өндіріп алуға рұқсат беретін шешім шығарды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

ұрлық

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

Жолаушылар пойызы

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

грин-карта

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Тоқаев, Путин