USD
USD
USD

Надыров қайда жұмыс істеп жүр?

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері қызметінен босатылған Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыровқа қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.

Надыров қайда жұмыс істеп жүр?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министрлік мәліметінше, Алматы әкімінің 2020 жылдың 19 қазанындағы қаулысына сәйкес, Камалжан Надыров берілген өтініш негізінде Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

"Министрліктегілерде Камалжан Надыровтың жұмыс орны туралы мәлімет жоқ", - делінген ведомствоның ресми сауалға берген жауабында.

Айта кетейік, Камалжан Надыров кеткеннен бері бір айдан аса уақыт өтті, бірақ әлі күнге дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалмады.

"Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта басқарма басшысының бос лауазымына конкурс жүріп жатыр", - деді министрліктегілер.

Қазір оқып жатыр

Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді

қызылша

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды

16 желтоқсан

Ақтауда өзіне қол салды деген келіншектің өлімін қайта тергейді

Маржан

Назарбаевтың тоқалы Әсел Исабаева көпшілік алдына қайта шыға бастады

исабаева