USD
USD
USD

Мьянмда жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 700-ге жуықтады

Мьянмадағы күшті жер сілкінісі салдарынан 694 адам қаза тауып, 1670 адам жарақат алды, деп хабарлады BBC агенттігі елдің әскери билігіне сілтеме жасап.

М
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Көптеген афтер дүмпулерге қарамастан, құтқару жұмыстары түні бойы жалғасты. 28 наурыз, жұма күні Мьянмада магнитудасы 7,7 және 6,4 балдық жер сілкінісі болғанын бұған дейін АҚШ Геологиялық қызметі хабарлаған еді.

Жерасты дүмпулері Қытай мен Таиландта сезіліп, Бангкокта салынып жатқан зәулім ғимарат қирады. Мьянма билігі халықаралық қауымдастықты жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуге шақырды. Қытай мен Ресей Мьянмаға құтқарушылар мен дәрігерлерді жіберіп үлгерді.

Еске сала кетейік, кеше Мьянмада 7,9 балдық жер сілкінісі тіркеліп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнға көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ

Amanat Drive қаржы пирамидасының басшысы 8 жылға сотталды

Көңілбай Шүкен

ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 10 млн теңгені өз есепшотына аударған

Ақша

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

алғашқы қоңырау