USD
USD
USD

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 1600-ден асты

Мьянма билігі 7,7 және 6,4 магнитудалы жойқын жер сілкіністерінің салдарынан 1644 адамның қаза тауып, 3408 адамның зардап шеккенін хабарлады. 

Мьянма
Фото: DW

Алматы, NEGE. Кемінде 1644 адам қаза тауып, 3408 адам жарақат алды, тағы 139 адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.

Таиланд билігінің мәліметінше, Бангкок муниципалитеті жергілікті уақытпен 18:30–да (Гринвич бойынша 11:30) 10 адамның қаза болғанын, 42 адамның жарақат алғанын және 78 адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.

Құтқарушылар үйінділерді аршуды жалғастырған сайын құрбандар санының артуы мүмкін.

Мьянмадағы екінші ірі қала – Мандалайдағы құтқару қызметінің өкілі BBC-ге «зиян өте үлкен» екенін айтты. Құтқару жұмыстары түнде де жалғасқан, алайда афтершоктар жағдайды қиындатқан.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, Мьянмада 28 наурыз, жұма күні 7,7 және 6,4 магнитудалы жер сілкіністері болды.

USGS мәліметінше, алғашқы, күштірек жер сілкінісі жұма күні жергілікті уақытпен 12:50-де, 10 шақырым тереңдікте, Мьянманың орталық бөлігінде тіркелген. Ал екіншісі одан 12 минут өткен соң болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Мандалай қаласынан (елдегі екінші ірі қала, халқы – 1,2 млн адам) солтүстік-батысқа қарай 16 км қашықтықтағы Сагайн елді мекенінің маңында орналасқан.

Бұл аймақ Мьянма астанасы Нейпьидодан шамамен 100 км солтүстікте жатыр.

Жерасты дүмпулері Таиланд пен Қытайда да сезілді. 

Қазір оқып жатыр

Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы «ҚазМұнайГазға» өтті

.

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бапкер бас төрешіге су шашып жіберген

су шашқан

«Әділет» партиясын елдегі ең ірі қоғамдық және салалық бірлестіктер қолдады

.

«Көзқарасымыз сәйкес келмейді»: Давид Лория Марат Омаров туралы ойын айтты

.