USD
USD
USD

Мьянмада неге төңкеріс болды?

Мьянма Қарулы күштерінің бас қолбасшысы генерал Мин Аун Хлайн халыққа үндеу жасады, ол елдегі төңкеріс себебін түсіндірді, – деп хабарлайды Reuters.

Мьянмада неге төңкеріс болды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мин Аун Хлайнның айтуынша, әскери күштер 2020 жылы өткен елдегі сайлау кезінде болған бұзушылықтар үшін билікті өз қолына алғысы келген. Генерал сайлау комиссиясы, президент және парламент әскери қызметшілердің жалған әрекеттерді тергеу туралы өтінішіне жауап беруден бас тартқанын мәлімдеді. Осыған байланысты әскери күштер билікті басып алып, демократия үшін төтенше жағдай режимін енгізуді ұйғарған.

Мин Аун Хлайн алдыңғы үкіметтің экономикалық саясаты сақталатынын және Мьянма шетелдік капитал үшін ашық екенін атап өтті.

«Мемлекет үшін жауапкершілік уақытша біздің қолда болғанда, елдің сыртқы саясатында, үкімет пен экономика саясатында ешқандай өзгеріс болмайды. Біз бұрынғы жолмен жүреміз», – деп түйіндеді ол.

Генерал Мьянма конституциясын қорғауға, еркін және әділ көппартиялы демократиялық жалпы сайлаудан кейін билікті беруге уәде етті.

Бұл ретте ол елде өтіп жатқан наразылық акцияларына пікір білдірді. 

Еске салайық, 2021 жылдың 1 ақпанында Мьянма әскери күштері ел президентін, сондай-ақ сыртқы істер министрі мен билеуші партияның басшысын ұстап, билікті елдің Қарулы күштерінің қолбасшысына берді. Әскери күштер Мьянма басшыларына айып тағып, бір жылға төтенше жағдай режимін жариялады.

Қазір оқып жатыр

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия

Кландар бірікпей, Қазақстан ӘЧ-ге шыға алмайды – Ермұхамед Мәулен

Қазақстан Ұлттық Футбол Құрамасы

Алматы әкімдігі эвакуация туралы ақпаратты теріске шығарды

сел қаупі

«Рейстің кешігуі мәселесіне назар аударды»: Тоқаев Air Astana басшысын қабылдады

 Air Astana