USD
USD
USD

Мьянмада мектепке жасалған шабуылдан 22 адам қаза тапты

Мьянмада мектепке жасалған әуе шабуылынан 22 адам қаза тапты, олардың көпшілігі — балалар. 

Мектеп
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Куәгерлердің айтуынша, елдің орталығындағы Сагаин аймағының Ое Хтейн Квин ауылындағы мектепке жасалған әуе шабуылынан 22 адам қаза тапқан. Басылымның жазуынша, Мьянма әуе күштерінің әскери ұшағы жергілікті уақыт бойынша 12 мамыр күні сағат 10:00 шамасында аталған ауылға әуеден соққы берген.

Шабуылға ұшыраған мектептің мұғалімі AFP агенттігінің тілшісіне оқиға салдарынан 20 оқушы мен 2 мұғалімнің қаза тапқанын айтқан.

«Балаларды аман алып қалуға тырыстық, бірақ ұшақ оған үлгертпестен бомба тастады», — деді ол.

Ауылдың білім беру қызметкері де қаза тапқандардың санын растады. Ал Мьянма әскери үкіметі оқиға жайлы әзірге мәлімдеме жасамады.

Сагаин аймағы — 28 наурыздағы жойқын жер сілкінісінің эпицентрі. Зілзаладан кейін қалпына келтіру және қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін әскерилер 31 мамырға дейін уақытша бітім жариялаған.

1948 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Мьянмада қарулы қақтығыс тоқтаусыз жалғасып келеді. 1960 жылы генерал У Не Вин билікті басып алып, әскери үкімет орнатты, бұл оқиға елдегі азаматтық соғысты одан әрі ушықтырды. 2023 жылдың қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес, үкімет әскері мен качин және таанг секілді этникалық азшылықтардан құралған қарулы топтар арасындағы ұзаққа созылған қақтығыстардан шамамен 2 миллион адам босқын болып, 6 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Қазір оқып жатыр

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан

оңалту орталығы

Сенатор зейнетке жасқа емес, еңбек өтіліне қарай шығаруды ұсынды

Зейнеткер

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Бибарыс

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Конституциялық сот