Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мьянма билігі Қытай ұшағын кері қайтарды

Мьянма билігі жолаушылардың бірінен байқалған коронавирус күдігіне байланысты Гуанчжоудан келген ұшақты Қытайға кері қайтарды, деп хабарлады Irrawaddy журналының интернет нұсқасына сілтеме жасаған  РИА Новости.

Мьянма билігі Қытай ұшағын кері қайтарды
Фото: NEGE.kz

China Southern Airlines авиакомпаниясының ұшағы жұма күні таңертең Мьянманың ең үлкен қаласы - Янгон әуежайына ұшып келген. Жолаушылардың бірінен (Қытай азаматы) сырқат белгілері байқалған соң,  науқас жолаушыны тексеру үшін Янгон мемлекеттік ауруханаларының біріне апарған, ал қалған жолаушыларға ұшақтан шығуға тыйым салынды», - делінген Irrawaddy журналы таратқан ақпаратта.

Бірнеше Мьянма азаматы ұшақтан шығарылып, 4 күндік карантинге жатқызылған.  Содан кейін Мьянма билігі ұшақты ондағы қалған барлық жолаушылармен бірге Гуанчжоуға кері қайтаруға шешім қабылдапты.

Мьянмада коронавирусты анықтайтын мүмкіндік жоқ. Науқастың қан үлгілері көршілес Тайландқа жіберілгендіктен, нәтижесін кем дегенде бір апта күту керек делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА