USD
USD
USD

Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы аталып өтті

Белгілі ақын, әдебиеттанушы, балалар жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы өзінің туған жері Павлодар облысы Шарбақты ауданында аталып өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат

Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы аталып өтті
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Мұзафар Әлімбаев – «Алатау баурайында», «Менің Қазақстаным», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақсерек те Көксерек» және тағы да басқа шығармалары ТМД мен шет елдердің 20 тіліне аударылған поэтикалық жинақтардың авторы. Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматы.

«Мұзафар Әлімбаевтың поэзиясы – классиканың үлгісі ғана емес, сонымен қатар қазақ тілінің басты қазынасы. Ол «Балдырған» балалар журналының негізін қалап, қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты. Ақынның өлеңдеріне 200-ден астам ән жазылған және олар бүгінгі күнге дейін көпшілікке танымал», - деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Асайын Байханов.

Шара барысында қаламгердің кітаптары мен жеке заттары қойылған көрме ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама