USD
USD
USD

Мұз жарылып, жүк көлігі батып кетті

Шығыстағы Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғап жатқан Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі тоқтағалы тұрғындар мұз үстін жол қылған-ды. Алайда, қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындар көбейген.

Мұз жарылып, жүк көлігі батып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Aikyn.kz» сайтының жазуынша, жүк тиеген көлік мұздың үстімен Күршім бағытында өте шықпақ болғанда, орта жолда мұз жарылып кеткен. Адамдар көліктен шығып, аман қалған. Ал көлік су түбіне батып кеткен. Енді оны тек көктемде ғана тартып шығару мүмкіндігі бар.

Аудандағы төтенше жағдайлар қызметі мамандарының берген мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта мұздың үстімен тек салмағы екі тоннадан аспайтын көліктер ғана сағатына 20 шақырыммен қозғала алады.

Ұзындығы он шақырымға жуықтайтын өткелде жылдамдық пен салмақты одан асыруға рұқсат жоқ. Бұл туралы мұз жолына арнайы жол және қауіпсіздік белгілері де қойылған. Ал толтыра жем тиеп алып, жүйткіген «Газель» көлігінің салмағы алты тоннадан асып кеткен. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қауіпсіздік ережелеріне барынша мұқият болуды ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер