USD
USD
USD

Мұз бетінде қалған балықшылар құтқарылды

2023 жылғы 8 сәуірде Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында, Ертіс өзенінде екі балықшы сөгіліпжағадан алысқа кеткен мұз бетінде қалып қойған. Төтенше жағдайға тап болған олар құтқарушылардан көмек сұрады.

Мұз бетінде қалған балықшылар құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға орнына келіп жеткен ТЖМ қызметкерлері 1966 және 1975 жылы туған екі адамды құтқарды. Құтқарушылар балықшылардың «қамалған» орнына резеңке қайықпен жетіп, ер адамдарға құтқару кеудешелерін кигізіп, жағаға аман-есен жеткізді.Оларға медициналық көмек қажет емес еді.

ШҚО ТЖД қазір мұз өте әлсіз, тәуекелге бармай, құтқарушылардың ұсынымдарына немқұрайлы карамауға кеңес береді.

«Көктем мезгілінде мұз аса қауіпті болады.Мұз кез-келген уақытта жарылып жағадан алыстап кетуі мүмкін, ал оның еру процесі мұздың беріктігін төмендетеді. Балықшылар ережелерді мұқият ұстануы керек", -  деп ШҚО ТЖД Самар ауданы ТЖБ бастығы Әсет Сейілқұмаров атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе