USD
USD
USD

Мұз басқан Ертіс өзенінің ортасына барып алған бес бала құтқарылды

Павлодарда мұз басқан Ертіс өзенін шолу кезінде құтқарушылар бес баланы байқап, шұғыл әрекет қабылдады. деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұз басқан Ертіс өзенінің ортасына барып алған бес бала құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Құтқарушылар мұздың үстінде жүрген балаларды орталық жағалауда патрульдеу кезінде анықтаған.

"Бұл - өте қауіпті. Күн жылына басталғаннан бері мұздың үстіндегі қар ери бастады. Қардың еріген суы мұзға сіңіп, мұздың құрылымы өзгереді де сынғыш болады. Қалыңдығы 50 сантиметр болғанның өзінде адамның салмағын көтере алмауы мүмкін".Павлодар облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов

Мұз үстінде жүрген балалар - 2008,  2010, 2009 және екеуі 2011 жылғы. Жеткіншектермен мұздың қауіптілігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. 

Құтқарушылар көктемнің келуімен мұздың үстіне шығу  өте қауіпті екенін ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген