USD
USD
USD

Мұз айдынындағы жеңіс: Алматы әкімдігі Михаил Шайдоровқа 2,5 млн теңгенің сертификатын табыстады

Алматылық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Бостонда өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Михаил Шайдоров
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінде спортшыны Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов құттықтап, 2,5 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификат табыс етті. Михаил Алматы мен Қазақстанды халықаралық аренада даңққа бөлеп, мақсаткерлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті.

«Сіз жүздеген жас спортшыға шабыт бердіңіз. Әсіресе, сіздің жаттықтырушыңыз Әсем Қасановаға кәсібилігі мен қазақстандық мәнерлеп сырғанауды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз», — деді Шаханов.

«Бұл менің ғана емес, көпшіліктің еңбегінің нәтижесі әрі бүкіл елдің жеңісі», - деп Михаил қолдау көрсеткені үшін қала әкімдігіне алғыс айтты. 

Сондай-ақ, спортшыға демеушілердің қолдауымен Алматы қаласынан 2 бөлмелі пәтер сыйға тартылды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық