USD
USD
USD

Мүсірепов театрының қоржыны тағы бір премьерамен толықты

Театр ұжымы биылғы көктемді «Мама» қойылымымен бастады. Туынды тәжік драматургы Барзу Абдуразаковтың «Сәлем, мама, бұл мен!» шығармасы негізінде сахналанды.

қойылым
Фото: Nege

Аналардың құрметіне арналған театр туындысына Фарғад Модағали режиссерлік жасаған. Ал басты кейіпкерлерді Лидия Кәден, Күлжәмилә Белжанова, Қазбек Төлен, Елдар Отарбаев ойнайды. Оқиға қарт әйел мен оның жұмысбасты болып кеткен ұлының телефонмен сөйлесуі арқылы өрбиді.

спектакль
Nege

Иә, күнделікті күйбең тірлікте жақын адамға телефон шалуды ұмыт қалдыратынымыз бар. Бірақ өткен күндердің қайтып келмесін ескерсек, анаға көрсетпеген мейірбандық үшін бармақ тістеп қаларымыз анық. Бірақ мұны біреу ерте ұғынса, біреу кеш түсініп жатады.

«Бос әңгімеге уақыт жоқ» дейтін ұлдың әр телефон шалған сайын анасының әңгімесіне құлақ түре түсуі өзінің кең дүниеде алдымен кімге керектігін жіті түйсіндіреді.

Жобаны сахналағандар «Біз кейде естімейміз, кейде түсінуге кеш қаламыз. Бірақ ана жүрегі бәрін сезеді. Сондықтан өміріңіздегі ең маңызды қоңырауды жіберіп алмаңыз», – дейді. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек