USD
USD
USD

Мусин еліміз үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайтынын айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин еліміз үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайтынын айтты.               

Мусин еліміз үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайтынын айтты
Фото: NEGE.kz

       

Елорда, NEGE. «Қазақстан үшін «Яндекс. Такси» сияқты жоба жасау тиімді болмайды. Жер шарында танымал жоба болуы керек. DIDI деген такси жобасы бізге кірейін деді. Алайда олар кіре алмады. Қытайдың қанша қаражаты болса да, біздің нарыққа кіріп, «Яндекске» төтеп бере алмады. Ол миллиардтаған қаражатты талап етеді. Оны мемлекет бөле алмайды. Ол қаржыны венчурлық инвесторлардан тарту керек. Венчурлық инвесторлар дүниежүзі бойынша ондай қызықты жобаларды өздері іздестіреді. Жасанды интеллект, карталар  бойынша жасалып жатқан жаңа жобаларға қаржы құйғысы келеді», – деді Бағдат Мусин.

Министрдің сөзінше,  тек Қазақстан үшін бір жоба жасау цифрландыру тұрғысынан тиімсіз. Сондай-ақ ол шетелдегі қазақстандық IT мамандарының басын қосып, елімізге керекті өнімдердің тиімділігін талқылап жатқанын жеткізді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция