Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мурманскідегі қазақтар төбелесі: ҚР СІМ оқиғаға түсінік берді

Ресейдің Мурманск облысында вахталық әдіспен жұмыс істеп жүргендер арасында төбелес болды.

Мурманскідегі қазақтар төбелесі: ҚР СІМ оқиғаға түсінік берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың арасында қазақтар бар. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров оқиғаға түсінік берді.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Мурманск өңірінде қазақтар өзге ұлт өкілдерімен төбелескені туралы видеолар тарап жатыр.

«23 наурыз күні, сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахталық жұмысшылардың, соның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды.

Бұл жағдай тұрмыстық оқиға сипатына ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, жарақат алғандар және құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ.

ҚР Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы мәселені өз бақылауында ұстауда», - деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық