USD
USD
USD

Мұрат Нұртілеу Мәскеуге ресми сапармен барды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың шақыруымен Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.

Мұрат Нұртілеу Мәскеуге ресми сапармен барды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сапар барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және Ресей Федерациясы Президентінің сыртқы саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковпен екіжақты кездесулер өтті.

Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларына, сондай-ақ ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ қоса алғанда, интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі екіжақты өзара іс-қимылға байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

Өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе