USD
USD
USD

Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды

Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Мұрат Боранбаевқа іздеу жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Құқықтық статистика органдары порталында Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болды. Іздестіретін орган - Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.

БАҚ-та Мұрат Боранбаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы екені айтылып жүр. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар сайтында Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Кейін A-Parking жобасына жауапты тұлғаларға қатысты аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен соталды тергеу басталғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт