USD
USD
USD

Мұрат Айтенов: Азық-түлік бағасын арнайы комиссия тексеріп отырады

Елімізде халық азық-түлік бағасы тым қымбаттап бара жатыр. Шымкент қаласында ет өнімдері мен пісте, мақта майларының бағасы қымбаттап кеткен. Сонымен қатар «Грамад» сауда орталығында әлеуметтік бағамен сатылатын картоп, сәбіз, пияз өнімдеріне халықтың көңілі толмайды. Өңірде бағаны тұрақтандыру үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент әкімі Мұрат Айтенов Nege-нің тілшісіне жауап берді.

Мұрат Айтенов: Азық-түлік бағасын арнайы комиссия тексеріп отырады
Фото: NEGE.kz

Шымкент әкімі  нарықпен күресу үшін қосымша әлеуметтік дүкендерге азық-түлік қорын жеткізіліп жатқанын айтты. 

«Бұл жағдай тек Қазақстанда ғана емес, әлемде болып жатқан мәселе. Біз мегаполис болғандықтан, азық-түлік өнімдері өспейді. Сондықтан өңірлердің мүмкіншілігін қолданып, қалаға жеткілікті деңгейде алып келуіміз керек. Биылғы жылы 7,7 млрд теңге айналым қаражат бөлдік. Ең бастысы нарықпен күресу үшін қосымша әлеуметтік дүкендерге азық-түлік алып, тиімді бағада қолжетімді етіп жатырмыз. Қаламызда арнайы комиссиямыз бар. Сол комиссия тексеріп отырады. Егер, біз берген бағаны көтеріп отырса, бірден шара қолданамыз.

Қосымша қаланың төрт жерінде әр апта сайын жәрмеңке жасап жатырмыз. Ол арасында делдалдар жоқ жәрмеңкелер. Одан басқа да үлкен жұмыстар атқарылып келе жатыр. Екі апта болды картоптың бағасы 25%-ға түсті. Бізде пияз бағасы ғана сәл қымбаттау болып тұр. Ол бір аптаның ішінде 11%-ға түседі. Пияздың маусымдық қымбаттауы бар. Ол да үлкен мәселе. Мәселені шешу үшін қаламызда 4 қойма салынайын деп жатыр. Оны да маусым кезінде сатып алып, қиын-қыстау кезде шығарып отырамыз. Қаламызда 9 қойма бар, тағы төртеу салсақ, ол да үлкен әсерін береді», – деді Әйтенов.  

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт