USD
USD
USD

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ергешбаев
Фото: mazhilis.parlam.kz

Астана, NEGE. Мұрат Ергешбаев 1966 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Алматы халық шаруашылығы институты мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын Сырдария ауданы Жамбыл ауылында экономист болып бастаған.

Ол әр жылдары Қармақшы, Шиелі, Қазалы және Сырдария аудандарын басқарған.

Сондай-ақ Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары, «ҚазАгроӨнім» АҚ аппарат басшысы, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2023 жылғы 28 наурыздан бастап AMANAT партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты болды.

 

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors