Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мұрағатты кім күзетеді?

Өңірлік мұрағаттарды күзетуге лицензияланған күзет ұйымдарын тарту тәжірибесін жалғастырған дұрыс. Бұл жайында Сенат депутаттарының ресми сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған.

Мұрағатты кім күзетеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі күні 5 республикалық мұрағат (ҚР Ұлттық мұрағаты, Орталық мемлекеттік мұрағат, Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттамалар мұрағаты, Ұлттық қолжазбалар және сирек кездесетін кітаптар орталығы) мемлекеттік күзетпен қамтамасыз етілген. 200-ден астам өңірлік мемлекеттік мұрағат лицензиясы бар күзет ұйымдарымен немесе олардың штаттық қызметкерлерімен күзетіледі», – деді Асқар Мамин.

Осы орайда Үкімет басшысы жергілікті мұрағаттарды мемлекет күзететін нысандар тізбесіне қосу полиция қызметкерлерінің айтарлықтай санын тартуды талап ететіндігіне назар аудартады.

«Мұндай қадам ішкі істер органдарын реформалау үшін жүргізіліп жатқан міндетке қарама-қайшы келеді. Аталған міндеттің бірі полицияны ведомстволық күзет қызметінен босату саналады. Осыған орай, өңірлік мемлекеттік мұрағаттарды күзетуге лицензияланған күзет ұйымдарын тарту тәжірибесін жалғастыру мақсатқа сай келеді деп есептеймін», – деді Премьер-Министр.

Қазір оқып жатыр

Археолог Андрей Астафьев: ​Ғалымдар ғылымнан бұрын күнкөріс қамын ойлауға мәжбүр

Археология

Қазақстандықтар 2028 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады

Оңтүстік Корея

Үй жануарын асырай алмайтын жағдайда, иесі оған жаңа орын тауып беруге міндеттелмек

Ит

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетін заңгер өз әйеліне зәбір көрсеткен

Тұрмыстық зорлық-зомбылық