USD
USD
USD

Мұны Бибісараның өзі жазбаған: Шахмат федерациясы даулы жазбаға түсініктеме берді

3 миллиард теңгеге қатысты дау жалғасын тапты. Бұл жолы Қазақстан шахмат федерациясының өкілдері тілшілермен кезедесіп, Бибісара Асаубаеваның жазбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Хабар-24. 

Мұны Бибісараның өзі жазбаған: Шахмат федерациясы даулы жазбаға түсініктеме берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еске сала кетейік, бірер апта бұрын жас спортшы шахматқа 3 млрд теңге бөлудің қажеті жоқ. Бұл ақша еліміздің басқа қажеттілігіне жұмсалсын деген болатын. Бұған қоса чемпиондардан "қайыршы" жасауға тырысады. Мен үшін бұл-өте ұят жағдай деп мәлімдеді. Ал Шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов  болса, бұл  жазбаны Бибісараның өзі емес, анасы жазған болуы мүмкін дейді. Яғни Бибісараның анасы тарапынан қызғаныш болуы мүмкін екенін алға тартады. Бұған қоса қаржы бөлінетін болса, ол министрлік және әкімдік арқылы шахмат секциялары мен үйірмелерін ашуға, спортшыларды қаржыландыруға жұмсалатынын жеткізді.

- Жанжал неден туды? "Қыздарды Президентке ақша сұрау үшін апарған" деген мәлімдеме тарады. Бірақ біз сіздерге даму тұжырымдамасын көрсеттік, бұл Мемлекет басшысына ұсынған құжат. Онда ақша туралы ештеңе жоқ, ешқандай сома айтылмаған. Біз шахматты дамытудың тұжырымдамасы мен тәсілдері туралы ғана айттық. Бұл жазбаны Бибісараның өзі емес, анасы жазған болуы мүмкін. Бұл біздің ұстанымымыз. Мүмкін олай емес шығар, - деді Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Садуақасов.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу