Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Мұндайды ешқашан ұмытпаймын». Назарбаев коронавирустан қалай жазылғанын айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде коронавирустан емдегені үшін Ресей дәрігерлеріне алғыс білдірді.

«Мұндайды ешқашан ұмытпаймын». Назарбаев  коронавирустан қалай жазылғанын айтты
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Мен сырқаттанған кезде Ресей дәрігерлері 10 күн бойы қасымда болғанын ешқашан ұмытпаймын. Ол ұмытылмайды», – деп РИА Новости Назарбаевтың сөзінен үзінді келтірді.

«Пандемия кезінде ресейлік тараптың Қазақстанға көрсеткен қолдауы үшін шын көңілмен алғыс айтамын... Ауырып қалғанымда ресейлік дәрігерлер тобы жанымда 10 күндей болғанын еш ұмыта алмаспын. Бұл менің емделуімде маңызды еді. Мұндай нәрсе ұмытылмайды», – деді Назарбаев Путинге Мәскеудегі кездесуде.

«Есіңізде ме, Санкт-Петербургте көрмеге барған едік? Сол кезде біріккен кәсіпорын туралы сөйлескен едік. Міне, енді Қарағандыда кәсіпорын ресейлік вакцинаны шығарып жатыр, тура сондай сапада, көп мөлшерде», –  деді Назарбаев. 

2020 жылы 18 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырғаны анықталды, 2 шілдеде Назарбаев коронавирустан жазылды. Осы жылдың маусым айында ол «Спутник V» вакцинасын алды.

Кремльде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр.

Келіссөздер барысында ЕАЭО-ны одан әрі дамытудың перспективалары мен өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады деп жоспарлануда.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық