USD
USD
USD

Мұнайға инвестиция салмақ болған ақтөбелік бойжеткен 4,3 млн теңгесінен айырылған

Ақтөбеде мұнай саласына инвестиция салып, табысын еселемек болған бойжеткен алаяқтарға алданғанын 4,3 млн теңгесінен айырылғаннан кейін бір-ақ түсінген. Ол инвестиция салу үшін екі банктен несие рәсімдеп, қажетті соманың бір бөлігін таныстарынан қарызға алған.

Алаяқтық
Фото: ЖИ көмегімен әзірленді

Астана, NEGE. Полицияның мәліметінше, жәбірленуші Telegram мессенджерінде белгісіз адаммен сөйлескен. Әлгі адам мұнай саласына инвестиция салу арқылы табыс табуға болады деген желеумен оның 4 млн 322 мың теңгесін иемденген.

Алаяқтарға алданғанын түсінген бойжеткен полицияға жүгінген. Қазіргі уақытта полицейлер қылмысқа қатысы бар тұлғаны анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Ақтөбе облысының полицейлері ел тұрғындарын қысқа мерзімде мол табыс табуға уәде беретін күмәнді инвестициялық ұсыныстардан сақ болуға шақырады. Құқық қорғау органдары бейтаныс адамдарға ақша аудармауды, инвестиция үшін несие алмауды және қаржы ұйымдарының заңды жұмыс істейтінін алдын ала тексеріп алуды кеңес етеді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен РФММ оқушылары үйіне шығарылды

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Отбасы банк ипотека рәсімдеу комиссиясын 1 млн теңгеге дейін көтереді

Отбасы банк

Kaspi.kz медициналық ұйымға тіркелу қызметін іске қосты

Kaspi.kz

Құны 1,5 млрд теңге болатын алтын Қазақстаннан шетелге мыс кені ретінде заңсыз шығарылған

ҚМА