USD
USD
USD

Мұнайдан түсетін табысы азайды. Тимур Құлыбаев НЕГЕ ойланып отыр?

Олигарх Тимур Құлыбаевтың мұнай-газ активтерінің теңгелей табысы жыл сайын азайып барады. Ал оған ұлттық валютаның дәстүрлі құнсыздануын қоссақ, Құлыбаевтың долларлық кірісі де күн астында қалған балмұздақтай еріп жатыр. Осылай кете берсе, бірер жылдан кейін мұнай бизнесі кәсіпкер үшін мүлде қызық болмай қалуы мүмкін.

Кулибаев
Фото: Фото: Nege.kz

«Каспий нефть» акционерлік қоғамы 2024 жылдың аудиттелген қаржылық есебін шығарды. Компанияны «Joint Resources» холдингі арқылы бақылайтын Тимур Құлыбаевты бұл есеп қуанта қоймағаны анық.

Kulibayev
Фото: Nege.kz

«Каспий нефть» компаниясының выручкасы да, ЕБИДТА-сы да, таза кірісі де құлаған. 2024 жылғы «выручка» 167,5 миллиард теңгені көрсетті. Сол жылғы 525 курсына шаққанда бұл – 319 миллион доллар. Ал 2023 жылғы 186,4 миллиард «выручка» доллармен 408,7 миллионға бағаланған еді. Сонда бір жылда Құлыбаевтың мұнайдан алатын түсімі 90 миллион долларға құлдыраған.

Ал таза табыс 43,7 миллиард теңгеден 33,5 миллиард теңгеге дейін құлады. Бір сөзбен айтқанда, Тимур Асқарұлы мұнайдан бір жыл бойы табатын табысын оның «Халық банкі» бір айда-ақ оңай алып келеді.

Каспий нефть
Фото: "Каспий нефть" АҚ 2024 жылғы аудиттелген есебі. Аудитор: PWC

Осыған орай, Құлыбаев үшін мұнай бизнесі қаншалықты қызықты деген сұрақ туындайды. Әрине, 30 миллиард теңге болса да, жылына пайда әкеліп жатқан бизнестен ешкім бас тартпасы анық. Бірақ оның саяси тәуекелдерінің салмағы артып барады.

«Каспий нефть» Атырау облысындағы «Айранкөл» кенішінен мұнай өндіреді. Әзірге кеніш түбі көріне сарқыла қойған жоқ, әлі бірнеше жыл мұнай беру мүмкіндігі бар.

Былтыр компания мұнайдың басым бөлігін халықаралық Vitol трейдері арқылы сатты. Қара алтынның әлемдік бағасының төмендеуі «Каспий нефть» табысына тікелей әсер еткені анық.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар