USD
USD
USD

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ормуз бұғазын бұғаттау туралы мәлімдемесінен кейін әлемдік мұнай бағасы қайта көтеріле бастады.

Мұнай
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Мамыр айында жеткізілетін америкалық мұнай фьючерстері шамамен 8%-ға өсіп, барреліне 104,20 долларға жетті. Ал маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай 7%-ға қымбаттап, 101,86 доллар болды, деп жазады CNBC.

Айта кетейік, 11 сәуірде Исламабад қаласында Иран мен АҚШ арасында келіссөздер өтті, алайда тараптар ортақ келісімге келе алмады.

Осыдан кейін Дональд Трамп АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді бұғаттайтынын мәлімдеп, әскери күштерге Иранға өту үшін «алым» төлеген әрбір кемені ұстауды тапсырды.

АҚШ Орталық қолбасшылығы әскери күштердің Иран порттарына кіріп-шығатын кемелер үшін барлық теңіз жолын жабатынын мәлімдеді. Сонымен қатар «қоршау Иран порттары мен жағалау аймақтарына кіретін немесе шығатын барлық елдің кемесіне бірдей қолданылатынын» атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Ресейліктер Қазақстаннан жаппай пәтер сатып алып жатыр – сарапшы

Пәтер кілті

Kaspi.kz-те енді UnionPay карталарына ақша аударуға болады

 Kaspi

Ақпараттық хабарлама: Құрылтай сайлауы-2026

үгіт-насихат

Залал – 24 млн теңге: «ҚазАвтоЖолға» қарасты компания қызметкерлері күдікке ілінді

Теңге