USD
USD
USD

Мұнай өнімдерін заңсыз өткізген күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекеттер жасаған.

Қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған.

2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 2024 жылы бұл қылмыстың сыбайласы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Көп күткен жеміс те пісті. Андрей Тимченконың бизнесі НЕГЕ өрлей бастады?

N1

Назарбаев тағы да КТК арнасынан дивиденд алмайтын болды

Назарбаев

Павлодар облысында көлдер мен су қорғау аймақтарын жекеменшікке заңсыз бермек болған

Көл

Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанды

Илон Маск