USD
USD
USD

Мұнай бағасының төмендеуіне байланысты ірі компаниялардан түсетін салық көлемі 37%-ға азайды

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді. 

Мұнай
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, биылғы жылдың 11 айында мемлекеттік бюджеттің кірістері 21,9 трлн теңгені құрап, жоспардың 100,1%-ы орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 2,9 трлн теңгеге жетті.

«Жалпы алғанда нәтижелер бюджет жүйесінің орнықтылығын, сыртқы факторлардың қысымы мен әлемдік экономиканың тұрақсыздығына қарамастан мемлекеттің барлық міндеттемесін қамтамасыз етуге қабілетті екенін көрсетіп отыр»,  деді министр.

Мұнай бағасы мен экспорт көлемінің төмендеуіне байланысты ірі бизнестен жиналатын салық көлемі 37%-ға қысқарды.

«Әлемдік мұнай бағасының өткен жылмен салыстырғанда барреліне 12 долларға, ал болжамды деңгейден 5,4 долларға төмендеуі, сондай-ақ экспорт көлемінің 3,8%-ға қысқаруы ірі кәсіпорындардан түсетін салық түсімдерінің 37%-ға азаюына әкеп соқты. Осы сыртқы факторларға қарамастан, кірістер параметрінің тұрақтылығы сақталуда»,  деді Тәкиев.

Республикалық бюджет кірістері 13,6 трлн теңгеге жетіп, өсім 1,8 трлн теңгені құрады, 98% атқарылды.  

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский