USD
USD
USD

Мұнай бағасы тағы өсті

Әлемдегі жетекші елдердің рекордтық көлемде мұнай қорын босату жөніндегі келісіміне қарамастан, қара алтын бағасы барреліне 100 долларға жетті.

Мұнай
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұған дейін жетекші елдер Иранмен соғыстың салдарын жұмсарту мақсатында төтенше қорларынан рекордтық көлемде мұнай босатуға келіскен болатын, деп хабарлайды BBC.

Азия сауда-саттығы кезінде Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 9 пайызға өсіп, барреліне 100 доллардан асты. Бұл ретте Халықаралық энергетикалық агенттіктің барлық 32 мүшесі тапшылық қаупіне байланысты 400 миллион баррель мұнайды босатуға дайын екенін мәлімдеді.

Сәрсенбі күні Иран Ормуз бұғазында кемелерге жасалған шабуылдардың күшеюі аясында мұнай бағасы барреліне 200 долларға дейін жетуі мүмкін екенін ескертті. Бұл бұғаз – энергия ресурстарын тасымалдаудағы ең маңызды су жолдарының бірі.

Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілі АҚШ, Израиль немесе олардың одақтастарымен байланысы бар кез келген кеме шабуыл нысанасына айналатынын мәлімдеді.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға әуе соққыларын бастағаннан бері әлемдік мұнай нарығы айтарлықтай құбылып тұр. 9 наурызда 2022 жылдан бері алғаш рет әлемдік нарықта мұнайдың бір баррелі 100 доллардан асты. 

 

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті