USD
USD
USD

Мұнайлы елдің тұрғындары жанармай бекетін тонап жүр

Желіде екі ер адамның жанармай құю бекетін тонаған сәтінің видеосы тарап жатыр. Ресми дерек бойынша, қылмыс Атырауда болған.

Мұнайлы елдің тұрғындары жанармай бекетін тонап жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ер адам 9 қаңтар күні 06.00 сағатта Датов көшесінде орналасқан жанармай құю бекетіне баса-көктеп кірген.

«Жанармай құю станциясы қызметкерлеріне қарсы күш қолданып, кассадан 268 мың теңге алып, оқиға орнынан жасырынған. Полицейлер оларды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар - Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны. Олардан ақша мен заттай дәлелдер табылды», – деп хабарлады полицейлер.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский