Мұнайдың игілігі. Теңізшевройл Атырау облысының дамуына 2 миллиард доллар жұмсады
Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші компания – Теңізшевройл. Осы салықтың арқасында елдегі бюджет қызметкерлері жалақы алады, зейнеткерлерге уақытылы зейнетақы төленеді. Бірақ салықтан бөлек, ТШО өз еркімен «Игілік» жобасын жүзеге асырып келеді. Ол қандай жоба?
Қазақстанға келгелі бері, американ алпауыты Shevron өзі жұмыс атқаратын аумақтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, оның инфрақұрылымын дамыту бойы ерікті түрде шешіл қабылдайды. 1993 жылдан 1998 жылға дейін «Атырау Бонус қоры» деп аталатын ұйым жұмыс істеп, көптеген бағдарламалар іске асырылып келді. 1998 жылдан бастап, қордың орнына «Игілік» жобасы келіп, әлеуметтік және инфрақұрылымдық бастамалар өз қарқынын одан да үдетті.
«Қазір «Теңізшевройл» «Игілік» бағдарламасы бойынша жыл сайын Атырау облысына 25 миллион доллар бөледі», - деп жазады, KazService. Мысалы, 2020 жылы пандемияға қарамастан ТШО бірқатар жобаларды аяқтады.
«Олардың қатарында флагшток, Энергетика колледжіндегі 100 орындық жатақхана, Доссор кентінде 280 орындық балабақша құрылысы, Құлсарыдағы өзенінің жағалауын абаттандыру бар»
Қазір «Игілік» жобасы аясында тағы алты нысанның құрылысы жүріп жатыр. Бұлар инфрақұрылымды дамыту бағытына жатады.
ТШО салып берген Атыраудағы Энергетика колледжінің жатақханасы. Фото: Tengrinews.kz
ТШО салып берген Доссордағы балабақша. Фото: petrocouncil.kz
ТШО салып берген Құлсарыдағы өзен жағалауы. Фото: pricom.kz
Одан бөлек, Игілік әлеуметтік инвестиция бағытын қамтиды. Өткен жылы ТШО 10 әлеуметтік жобаға 1,2 миллион доллар бөлді. Оның қаржылық қолдауымен ауыл тұрғындары өз ауылында ашық спорт алаңдарын, саябақтар және басқа да қоғамдық орындарды жасап алды. Өз қолымен жасағандықтан, ауыл адамдары ортақ меншікке ұқыпты қарауда.
-
Тақырыпқа орай: Ковидке рахмет! Ірі мұнай компанияларында қазақстандық мамандардың саны НЕГЕ артып келеді?
«Shevron сынды АҚШтың ірі компаниялары өздері жұмыс істеп, инвестиция тартатын аумақтарға өмір сүрудің американдық стандарттарын енгізуге тырысады. Бұл жергілікті халық үшін өте жағымды нәрсе», - дейді, Экономикалық бастамаларды қолдау қорының сарапшылары.
«Біздің кен орындарды игеруде батыс, әсіресе американ компанияларының көп болғаны қазақ халқы үшін жақсы болар еді. Мысалы, Ресей немесе Қытай компанияларын алсақ, олар жұмысшыларға жалақыны барынша қысып беріп, тек салық төлеуден басқа артық шығын шығармауға тырысады. Экология мен әлеуметтік мәселелерге бас ауыртқысы келмейді. Ал АҚШ компаниялары бұл тұрғыда өздерін өте жауапты ұстайды, олардың тәрбиесі мен менталитеті сондай»
Әлеуметтік инвестиция дегеніміз не? ТШО оны тұрғындар мен жергілікті ұйымдардың әлеуетін көтеру арқылы жүргізуде. Демек адамдарды оқыту, белгілі бір кәсіпке машықтандыру. Сол арқылы оған жұмыс істеп, өз отбасын асырай алатын мүмкіндік беру. Адамдарда жұмыс болса, олардың жағдайы да оңала бастайтыны анық.
Онымен бөлек, өзі жұмыс істейтін аумақта ТШО салауатты өмір салтын енгізуге тырысады. Ол үшін арнайы спорттық алаңшалар, жүгіру жолдары жасақталып келеді. Спорт тұрғындардың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді.
«Трансұлттық компания деген атақ алу үшін әртүрлі көрсеткіштер бар. Оның ең біріншісі - техникалық қауыпсіздік», - дейді, Nege.kz шолушысына жағдайды түсіндірген Қазақстан мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов. «Біз адамның жұмысқа келуін қадағаласақ, олар жұмысшының аман-есен үйіне жетуін қадағалайды. Екеуі екі стандарт, екі түрлі мәдениет».
«Сонымен бірге, олар ашық компания болғандықтан, өзінің қаншалықты әлеуметтік жауапкершілікті сақтайтынына қатаң мән беріп отырады. Адамгершілік деңгейінің құндылығы бар, ол - жүрген жерінде табысымен бөлісіп, сол өңірге қолғабыс тигізу. Ол түрлі әлеуметтік нысандар салып беру, басқа да маңызды жобалар»
Рашид Жақсылықовтың айтуынша, біздің отандық компанияларға да әлеуметтік жауапкершілік деңгейін көтеру қажет. Осы орайда, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сылбырлық танытып отыр.
Қазір Атырау өңірінде көптеген мұнай компаниялары жұмыс істеуде. Бірақ олардың ішінен ТШОның әлеуметтік жағдайды жақсартуға деген ұмтылысы, қазақ халқына деген жанашырлығы ерекше байқалады.