USD
USD
USD

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді 

Жұма күнгі таңертеңгі сауда-саттықта Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 119,68 долларға дейін төмендеді.

Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді 
Фото: NEGE.kz


Елорда, NEGE. 17 маусымда таңғы сағат 09.42-дегі жағдай бойынша элиталық мұнай маркасының бағасы 0,11 пайызға – баррелі 119,68 долларға дейін төмендеді. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 117,33 долларды құрады. Бағаның төмендеуіне әлемдік мұнайға деген сұраныстың төмендеу қаупі ықпал еткен.

Сәрсенбіде АҚШ Федералды резервтік жүйесі (ФРЖ) 28 жыл ішінде алғаш рет федералды несие бойынша мөлшерлемені 75 базистік пунктке көтерді. АҚШ-тың Қытай мен БАӘ-де орналасқан компанияларға Ираннан мұнай экспорттауға көмектескені үшін санкциялары бағаға ықпал еткен. АҚШ Қаржы министрлігі бір күн бұрын Иранға қарсы санкцияларды айналып өтуге көмектескені үшін Қытай мен БАӘ-дегі Triliance Petrochemical Co. Ltd және Petrochemical Commercial Company компанияларына қатысты шектеулер енгізді.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова