USD
USD
USD

Мұнай сервисі НЕГЕ қиналып қалды?

Қазақстандағы мұнай сервисі саласының қаржы жоғалту көрсеткіші 2020 жылы 50 процентті құрамақ. «ҚазСервис» одағының төралқа төрағасы Рәшид Жақсылықов осындай болжамға келіп отыр. Оның сөзінің қаншалықты жаны бар?

Мұнай сервисі НЕГЕ қиналып қалды?
Фото: NEGE.kz

KIOGE онлайн-конференциясы кезінде Жақсылықов 2019 жылы Қазақстанда мұнай-газ саласындағы сатып алулардың жалпы көлемі 7 триллион теңгені құрағанын түсіндірді, деп жазады KazService. Оның ішінде мұнайға қатысты қызмет құны 4 триллион теңгені құрады.

«Секторда 2018 жылмен салыстырғанда 15% өсім байқалды», - дейді Жақсылықов. Оның айтуынша, мұнай кен орындарының қызметтері бойынша салық төлемдері 500 миллиард теңгеге жетті, ал жұмысшылар саны 180 мың адамнан асты.

«Биылғы жылы пандемияға байланысты біз ақшалай көлемнің 50 процентке төмендеуін күтеміз. Ал шығындарды келесі жылы ғана есептей аламыз»

Nege.kz есебінше, шығындар болатыны сөзсіз. Әңгіме оның сомасында. Мұнай сервисінің басты қаупі - жаңа кен орындарын барлауға деген инвестициялардың азая бастауында. Ірі консорциумдар қолда бар кен орындарын ғана игеріп, жалпы әлемдік сұраныстың қай бағытқа ауарын тосып отыр.

Егер мұнайға деген қажеттілік азайса, жаңа кен орындарына қаржы шашудың еш реті жоқ. Сондықтан мұнай сервисі қызметінің болашағы тікелей мұнай компаниялары стратегтерінің көңіл-күйіне, жасыл энергетиканың мұнайдың орнын басу перспективасына байланысты болып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы