USD
USD
USD

Мұнай онлайн

Қазақстандағы көмірсутегі қордаланған кен орындарын үлестіретін тұңғыш электронды аукционның өтетін күні белгілі болды.

Мұнай онлайн
Фото: NEGE.kz

Шикізатпен айналысатын кәсіпкерлер бұл күнді асыға күткен еді. Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Энергетика министрінің осыған қатысты арнайы бұйрығы бекітілген болатын. Оған сәйкес, қыркүйек айынан бастап, жер қойнауын пайдалануға мүдделі адамдар аукционға интернет арқылы онлайн түрде қатыса алады.

Фото: KazService

«Алғашқы электронды аукцион 2020 жылдың 23 желтоқсанында, Нұр-Сұлтан уақытымен 10:00 мен 17:00 сағат аралығында өтеді. Оның аясында 10 учаскені сату жоспарланып отыр», - деп жазады, Қазақстандағы мұнай-сервисі компаниялар одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұлов.

Аукционға қатыстысы келетін азаматтар өтінімді 29 қарашаға дейін беруі тиіс. Өтінімдер gosreestr.kz сайтында қабылданады.

Бұйрыққа сәйкес, жеке немесе заңды тұлға қажетті жер учаскесін геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің интерактивті картасында қарап таңдайды. Содан кейін ол қажетті деректерді көрсете отырып, арнайы электрондық сауда жүйесінде тіркелуі тиіс. Жүйеге тіркелгеннен кейін аукционға өтінім береді. Құзыретті орган болып табылатын Энергетика министрлігі өтінімдерді қабылдап, аукцион бойынша шешім шығарады.

Аукционға қатысу ақысы жалпыға бірдей болып бекітілді. Қазір ол сома 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Демек 2020 жылы аукционға қатысу құны 277 800 теңгені құрап отыр.

Электронды аукцион жер қойнауын үлестіру мен игерудегі процесстерді қоғам алдында ашық қылмақ. Кімнің аукционды қалай ұтқанын, қазір қандай жер қойнауын игеріп жатқанын бақылап отыруға болады.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси