USD
USD
USD

Мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар қолға түсті

Павлодарда мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар қолға түсті. Алдын ала келтірілген шығын көлемі шамамен 17 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті жедел уәкілдер мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған қылмыскерлердің жолын кесті.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жанар-жағармай өнімдерін жымқырды деген күдікпен бірнеше адамды ұстады.

Олар Павлодар қаласының автожанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын облыс орталығындағы ұйымының қызметкерлері болып шықты. Күдіктілер алдын ала дайындалған. Олар тасымалданатын отынды жеткізу және құюмен айналысқан, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 1971 және 1974 жылдары туған екі павлодарлық ұсталды.

Алдын ала келтірілген шығын шамамен 17 млн теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты «ешқайда шықпау туралы» қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс