USD
USD
USD

Мұнай өндірісі қысқарады

Екі айдың ішінде мұнай өндіруді тәулігіне  9,7 миллион баррельге қысқартуды қарастыратын ОПЕК+ келісімі аясында Қазақстан өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге азайтуға міндеттеме алды.

Мұнай өндірісі қысқарады
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Әлемде және Қазақстанда мұнайға сұраныстың төмендеуі аясында мұнай қорларының едәуір профицитінің болуына байланысты ағымдағы жылдың екінші тоқсанында мұнай сақтау орындарының толып кету және қазақстандық кен орындарының авариялық тоқтау қаупі туындайды. Осыған байланысты, Министрлік ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында мұнай өндіруді шектеу қажет болатын жер қойнауының жекелеген учаскелерінің тізбесімен бірге "Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы" Үкімет қаулысының жобасын әзірледі - делінген хабарламада.

Өндірісті шектеу орташа, ірі және алып кен орындары санатына жататын кен орындарына қолданылады.

Аталған жер қойнауы тізбесіне экономикалық факторларға байланысты өндірудің табиғи төмендеуі күтілетін шағын және ұсақ кен орындары кірмеген.

Бұл қаулы барлық Қазақстан Республикасының ішкі нарығының мұнай өнімдерінің қажетті көлеміне деген қажеттілігін қамтамасыз етуді ескере отырып, барлық өндіруші компанияларға кемсітушіліксіз көзқарасты, сондай-ақ ірі жобалар мен өндірудің табиғи төмендеуі кезеңінде тұрған байырғы кен орындары үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлуді көздейді.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев