USD
USD
USD

Мұнай қоры бойынша Қазақстан нешінші орында?

2020 жылғы мұнай қоры бойынша елдер рейтингі жарияланды.

Мұнай қоры бойынша Қазақстан нешінші орында?
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. 2020 жылғы мұнай қоры бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 30 млрд баррель көлемімен 11-орынға ие болды. Венесуэла рейтингте көш бастап тұр: 302,8 млрд баррель. ТОП-3 қатарына Сауд Арабиясы мен Канада енді, деп хабарлады energyprom.kz. Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 61,2 млн тонна шикі мұнай өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6% аз. Ақшалай алғанда шикі мұнай өндірісінің көлемі 6,5 трлн теңгені құрады. Қазақстанда негізгі екі аймақ – Атырау мен Маңғыстау облыстары тиісінше өндірістің 64,3% және 22,8% құрады. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 18,7 млрд АҚШ долларына 55 млн тонна мұнай экспорттады. ТМД елдеріне 120,3 млн АҚШ долларына 439,4 мың тонна шикі мұнай жөнелтілді. ТМД елдері арасында қазақстандық мұнайдың негізгі импортері – Өзбекстан. Қалған елдерге 18,6 млрд АҚШ долларына 54,6 млн тонна мұнай жіберілді. Италия, Нидерланд және Үндістан негізгі импорттаушылар болып табылады.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент