Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мұнай қалдығымен ластанған 10 полигон тазартылды

Маңғыстау облысында мұнай қалдықтарымен ластанған 10 полигон толықтай тазартылды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнай қалдығымен ластанған 10 полигон тазартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Экологиялық маңызы зор жұмысты Министрлік мен «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ арасындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы жүзеге асырдық. Кеңес кезеңінен бері мұнда мұнай қалдықтарымен ластанған жерлер 47 гектарға жеткенін атап өтуіміз керек. Компания соның әзірге 6 гектарын, яғни 350 мың тонна топырақты тазартты», деп жазды Мағзұм Мырзағалиев . Оның айтуынша, енді топырағы қайта өңделген аумақ мемлекеттік бақылау органдарының қарауында болады. «Қазмұнайгаз» 2024 жылға дейін мұнаймен бүлінген жерлерді толық қалпына келтіріп беруге уәде етіп отыр. «Маңғыстау облысы - еліміздегі экология мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері өткір тұрған өңірлердің бірі. Сондықтан экология министрлігі табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігін арттырып, жергілікті халықпен тығыз байланыстағы жұмысты жалғастыра береді», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов