Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мұнай дәуірінің ақыры: General Motors бензиннен бас тартады

Америкалық General Motors компаниясы 2035 жылға бензин және дизельді қозғалтқыштары бар автомобиль шығарудан бас тартуды көздеп отыр. Осылайша компания толықтай электр қуатымен жүретін көлік өндірісімен айналыспақ, деп хабарлайды inbusiness.kz

Мұнай дәуірінің ақыры: General Motors бензиннен бас тартады
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. GM бас директоры Мэри Барраның айтуынша, компанияның өндіріс барысында ауаға шығаратын көмірқышқыл газының 75 пайызы ішкі жану қозғалтқыштары бар көліктерге тиесілі екен. Өткен жылдың соңында компания 2025 жылға қарай электрокардың жаңа 30 моделін шығаратынын және ол үшін 27 млрд доллардай қаражат бөлетінін мәлім еткен еді. Бұған дейін электрокар шығаратын Tesla компаниясы алғаш рет жылдық табысқа ие болғанын жариялады. Өткен жылы компания сатылым көрсеткіші бойынша рекорд орнатқан болатын. Дамыған елдерде баламалы энергетикаға көшу процесінің жеделдеуінен кейін, оның құны он есе қымбаттады. Tesla басшысы Илон Маск болса, әлемдегі ең бай адам атанды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық