USD
USD
USD

Мұнай бағасы төмендеп жатыр

Әлемде мұнай бағасы төмендеп жатыр, – деп хабарлайды РИА Новости.

Мұнай бағасы төмендеп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дереккөз мәліметінше, нарық коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды бақылап отыр: вирус жұқтырғандар санының өсуі, экономикалық шектеудің күшеюі.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.16-дегі дерек бойынша, ақпандағы фьючерсте Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының бағасы 0,7 пайызға арзандап, барреліне 49,94 долларға дейін, ал қаңтардағы фьючерстерте WTI маркалы мұнайының бағасы 0,68 пайызға төмендеп, барреліне 46,67 доллар болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметі бойынша әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 71 миллионнан асқан.

АҚШ-та, Азия мен Еуропаның бірқатар елінде COVID-19 жұқтырудың жаңа дерегі тіркеліп жатыр. Бұл билікті карантин шектеулерін қатаңдатуға итермелейді.

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт