USD
USD
USD

Мұнай бағасы тағы құлдырады

Қазір Brent 49,32 долларға саудаланып жатыр. Сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы төмендеп жатыр. Бұған АҚШ-тағы шикізат қорының көбеюі мен Дональд Трамптың экономиканы ынталандыруға бағытталған бюджетті бекітпеймін деп мәлімдеме жасауы әсер етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мұнай бағасы тағы құлдырады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Brent сұрыпты мұнай баррелі 1,52%-ға арзандап, 49,32 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 1,49%-ға түсіп, қазір оның бір баррелі 46,32 долларға саудаланып жатыр. Америкалық мұнай институтының дерегі бойынша, АҚШ-тағы мұнай қоры 2,7 млн баррельге артып, 497,7 млн баррельге жеткен. Бұған дейін сарапшылар 3,2 млн баррельге кемиді деп топшылаған еді. Нарыққа сонымен қатар Ақ үй басшысының соңғы мәлімдемелерінің бірі кері әсерін тигізді. Дональд Трамп өкілдер палатасы мен Сенат мақұлдаған экономиканы ынталандыру туралы құжатқа қол қоймайтынын жариялады.Ол заң шығарушылардан жеке тұлғалар мен шағын бизнеске үлестірілетін қаражат көлемін арттыруды талап етіп отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы