USD
USD
USD

Мұнай бағасы күрт қымбаттады

Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы 2020 жылдан бері алғаш рет 70 доллардан жоғары көтерілді.

Мұнай бағасы күрт қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,64 пайызға өсіп, барреліне 70,5 долларға жетті.

Соңғы рет 70 доллар шамасында Brent мұнайы баррелінің бағасы 2020 жылдың қаңтар айында ғана болған.

Сағат 05:10-те Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 1,77 пайызға өсіп 70,59 долларға жетті.

Ал, WTI маркалы мұнай баррелінің мамыр айындағы фьючерстері бағасы бүгінгі сауда-саттықта барреліне 67,04 долларға дейін көтерілді (+1,71%).

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті