USD
USD
USD

Мұнай бағасы қайтадан төмендей бастады

Brent баррелі 49,08 долларға саудаланып жатыр. Өткен аптада қымбаттаған мұнай құны 7 желтоқсанда қайтадан арзандай бастады. Бұған АҚШ пен әлемнің бірқатар елінде коронавирус жұқтырғандар санының артуы себеп болып отыр

Мұнай бағасы қайтадан төмендей бастады
Фото: NEGE.kz

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы. NEGE. Сауда қорытындысы бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,35%-ға төмендеп, 49,08 доллар болды. WTI фьючерстерінің құны 0,41%-ға арзандап, қазір оның бір баррелі 46,07 долларға саудаланып жатыр. Өткен аптада шикізат нарығына ОПЕК+ елдерінің келесі жылдың басынан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге арттыру туралы шешім оң әсерін тигізді. АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы жақын арада экономиканы ынталандыруға қатысты шешім қабылдауы мүмкін. Bloomberg басылымының дерегінше, билік 908 млрд доллар көлемінде қаражат бөлуге дайын екенін білдірді. Бұл фактордың да нарыққа оң ықпалын тигізетіні анық.

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар