USD
USD
USD

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мәдени іс-шараларды тегін тамашалай алады

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында "Шекарасыз мәдениет" акциясы жарияланды, деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігіненен.

кеш
Фото: dalanews.kz

Алматы, NEGE. 13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өтетін акция аясында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мемлекеттік мәдени ойын-сауық мекемелері өткізетін іс-шараларға тегін кіре алады.

"Акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттыру, елдің мәдени өміріне қатысуын қамтамасыз ету және олардың проблемаларына қоғам назарын аудару", - дейді министрлік мамандары.

Айта кетері, бүгінде ерекше қажеттіліктері бар балалар мен бірінші және екінші мүгедектік тобы бар ересектер кез келген уақытта бейінді мемлекеттік мекемелердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына тегін кіре алады. Ал үшінші топ үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күні ретінде аталып өтеді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық