USD
USD
USD

Мүмкіндігі шектеулі жастарға тегін білім беретін лагерь жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан қаласында қолдауға мұқтаж әрі мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған офлайн-лагерь жұмысын бастады.

Мүмкіндігі шектеулі жастарға тегін білім беретін лагерь жұмысын бастады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. ITeachMe жобасының алтыншы маусымы аясында 20 маусым мен 22 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ITU университетінің қабырғасында алда өтетін бес инклюзивті офлайн лагерьдің алғашқысы жұмыс істейді.

ITeachMe жобасының алтыншы маусымы жағынан бұрынғылардан ең ірісі болып отыр. Айлық барысында Қазақстанның 15 қаласында мүмкіндігі шектеулі жастар және колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында іріктеу турлары өтті.

Іріктеу кезеңіне қатысқан 1500-ден астам адамның ішінен Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктелген 200 жас ITeachMe алтыншы маусымының қатысушысы атанды.

ITeachMe жобасы мүмкіндігі шектеулі және мүгедектігі жоқ жастарға SMM, motion дизайн, графикалық дизайн, UI/UX дизайн, мобилография және ағылшын тілі саласы  бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды тегін  меңгеруге мүмкіндік беретін жоба.

Толық оқу курсын аяқтаған студенттерге арнайы сертификат беріледі, ал курс жұмысын сәтті қорғаған үздік студенттердің жұмысқа орналасуына және алғашқы коммерциялық тапсырысына ие болуына көмек беріледі.

Қазір оқып жатыр

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Путин

Ақтөбе облысында екі жүзге жуық адам уланып қалған мейрамхана заңсыз жұмыс істеген

мейрамхана

Елордадағы LRT-ға Tarlan Astana атауы берілді

ЛРТ

Алматыда такси жүргізушісі шетелдіктерді әуежайдан орталыққа дейін 72 мың теңгеге апарған

Такси